Түркияның Хатай провинциясында үйінді астында қалған отандасымыз Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековті іздестіру әлі жүріп жатыр. Таңға жуық кран жеткізілген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аттанған қазақстандық құтқарушылар жасағы мен кинологтар да сонда. Мирболаттың інісі Алматтың сөзінше, жаңа ғана бетон жамылғылар астынан үш жеткіншек шығарылған. Үшеуі де дін-аман. Сондықтан жерлестеріміздің аман-есен табылуына үміт мол. Еске салайын, жоғалған үш отандасымыздың бірі - Сабина Мамадиярова кеше алты метрлік тереңдіктегі үйіндінің астынан шығарылған еді. Қазір жағдайы қалыпты.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркияда Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековті іздестіру әлі жүріп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171307/)