Ақмола облысының Степногорск қаласына қарасты Ақсу кентінде ескі шахтаға түсетін жер асты туннелі табылды. Оның диаметрі 1,5 тереңдігі 8-10 метр. Осы арқылы заңсыз алтын іздеушілер жұмыс істемейтін шахтаның төменгі қабатына түсіп жүрген. Тәртіп сақшылары мен алтын өндіруші компания қызметкерлері заңсыз өткелді жапты. Жалпы Ақмола облысында былтыр 1 мыңнан астам, биыл 17 заңсыз алтын іздеуші жауапқа тартылған.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысының Ақсу кентінде ескі шахтаға түсетін жер асты туннелі табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171350/)