Бірер күн бұрын зілзаладан кейін Сирияда үйінді астында дүниеге келген нәрестені құтқару сәтін көрсеткен едік. «Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, ата-анасыз қалған Айя есімді сәбиді асырап алуға әлеуметтік желі арқылы мыңдаған адам ниет танытқан. Қазір Айя ауруханада жатыр, жағдайы тұрақты.
Жалпы елде апат құрбандарының саны 3300-ден асты. Зардап шеккендерге гуманитарлық көмектің алғашқы легі кеше жеткен. Логистикалық қиындықтар мен жолдардың бұзылуына байланысты елдің солтүстік-батысына жүк көліктерін кіргізу мүмкін болмаған еді.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сирияда құтқарылған баланы асырап алғысы келетіндер көбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171359/)