![Ақтөбеде «Жәдігер жерде қалмасын!» акциясы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78065.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Жәдігер жерде қалмасын!» Бір аптадан бері Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайында осындай атаумен акция өтуде.
Қала тұрғындары көненің көзіндей сақталған ескі дүниелерін мұражайға тапсырып жатыр.
Осы уақытқа дейін ақтөбеліктер 40-қа жуық экспонат тапсырыпты. Аймаққа белгілі тұлғалар қолданған бұйымдар, текемет пен ескі сандықтар енді мұражайда сақталады.
Бұл шара 16 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде «Жәдігер жерде қалмасын!» акциясы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17137/)