Азық-түлік, жылы киім, шатырлар мен төсек-орын жабдықтары арнайы ұшақпен Сирия Араб Республикасының аумағына жеткізілмек. Бірінші борт Алматы қаласынан бүгін ұшып шықты. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырған еді. Жәрдем Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының желісі бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында көрсетіліп отыр.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171395/)