Жамбыл және Түркістан облысында қатты бораннан жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Түркістан облысындағы Шақпақ баба ауылы маңында 600-ге жуық жолаушы көлік ішінде жолдың ашылғанын күтіп отыр. Оларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жақын елдімекеннен 6 жылыту пункті ашылған.
Ал Жамбыл облысындағы Алматы-Термез-Ташкент жолында 150 жеңіл, 250 жүк көлігі және 30 жолаушылар автобусы жиналып қалған. Төтенше жағдайлар қызметі шұғыл штаб құрып, жедел желі телефондарын қосты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл және Түркістан облысында қатты бораннан жолдар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171421/)