Маңғыстауда Парламент Мәжілісінің сайлауына түсуге 13 адамнан өтініш түсті. Енді олардың құжаттары тексерілмек. Аймақта барлық деңгейдегі мәслихатқа 137 депутат сайланады. Оның 32-сі облыстық мәслихатқа, 35-і қалалық, тағы 70 адам аудандық мәслихатқа депутат болып таңдалады. Құжат тапсырған 513 үміткердің ең жасы – 21-де ал, ең үлкені - 66 жаста.
Елубай Әбілов облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы:
Орташа есеппен бір мандатқа 4 адам ұсынып отыр. Ең үлкен бәсекелестік Жаңаөзен қалалық №5 округке 9 адам ұсынылып отыр бір орынға. Ұсынылған кандидаттардың 447-сі ер адамдар яғни 79,4 пайыз. 119-сы әйелдер - 20,6 пайыз.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда Мәжіліс сайлауына 13 адамнан өтініш түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171482/)