Жаңа Зеландияға габриэль дауылы соққы берді. Елдің солтүстігінде толассыз нөсер жауып, қатты жел соғып тұр. Осыған байланысты елдің 5 миллионнан астам адам тұратын 9 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. 46 мың тұрғын жарықсыз қалған. Жүздеген ұшақ рейсі тоқтады. Мектептер, жергілікті мемлекеттік мекемелер жабылды. Қозғалысты шектеу табиғи апатпен күресу, мұқтаждарға көмек жеткізу үшін қажет.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңа Зеландияда қатты дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171501/)