Қазақстандықтар көлігіне VIP нөмір алуға шамамен 6 миллиард теңге жұмсайды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді. Былтыр арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жоғары сұраныстағы жиырма мыңнан астам мемлекеттік нөмір сатылған.
Оның ішінде ең қымбаты: 001-ден 009-ға дейінгі және 777 нөмірі. Бұлардың әрқайсысы 1 миллион теңгедей тұрады. VIP-нөмірлерге сұраныс көбіне Алматы тұрғындарынан түскен.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандықтар VIP нөмір үшін 6 млрд теңге жұмсаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171655/)