Қазақстанның үшінші елдерге экспорт үлесі 10 пайызға артуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның үшінші елдерге экспорт үлесі 10 пайызға артуы мүмкін

16.02.2023

Қазақстанның үшінші елдерге экспорт үлесі 10 пайызға артуы мүмкін. Сенат өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою келісімін ратификациялау туралы Заңды мақұлдады. Құжатқа қол қою Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта ескерілген. Қазақстан мен үшінші елдер арасындағы шикізаттық емес өнімдер бойынша тауар айналымы өткен жылы 48 млрд доллардан асқан. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 33 пайызға көп. Еліміз өңделген тауарларды көбіне Қытай, Өзбекстан, Түркия мен Нидерландқа экспорттайды. Бұған дейін Еуразиялық экономикалық одақтың 52 техникалық регламенті қабылданған, 46-сы күшіне енді. 

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі:

Осы 46-сы тауарлардың 80 пайызын қамтиды. Бұл тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, ішінде машина құрастыру, Қазақсатнның ең керек импорттық-экспорттық бағыттарына арналған тауарлар. Қалған алтауы 2025 жылға дейін күшіне енеді. 
Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу