Жаңа Зеландияда «Габриэль» циклонынан қаза тапқандар саны 8-ге жетті. Марқұмдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі құтқарушылар дауыл соққы берген кейбір аудандарға жете алмай жатыр. Оның үстіне циклоннан кейін 4 мың 500-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен. Полицияның мәліметінше, олар тұратын аймақта байланыс үзілген болуы мүмкін. 62 мыңға жуық нысан әлі электр жарығынсыз отыр. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Көмекке Австралия өз мамандарын жіберді.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңа Зеландияда дауыл құрбандарының саны өсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171747/)