Екібастұзда көпқабатты үйден өрт шығып, құтқарушылар 20 адамды құтқарып қалды. Олардың 4-і бала. 2-ші қабатты жалын шарпып, қара түтін ілезде жоғарыдағы пәтерлерге жайылған. Құтқарушылар тұрғындарды сыртқа терезе арқылы шығаруға мәжбүр болды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Ал Павлодарда түтінге уланып қалған 4 бала ауруханаға жеткізілді. Кішкентайы 2 жаста. Алдын ала дерекке қарағанда жер үйдегі пештің мұржаға баратын қуысы бітеліп түтін ішке жайылған. Балалардың жағдайы қалыпты.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Екібастұзда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 20 адам құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171821/)