Ақтөбе облысында жүк көлігі мен пойыз соқтығысты. Салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды.
Оқиға Хромтау ауданындағы Жазық бекетінде болған. Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, бірнеше жеңіл автомашинаны тиеген жүк көлігі Самара-Шымкент тасжолымен келе жатып, бағдаршамның тыйым салу белгісіне тоқтамаған. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, дәрігерлер жүргізушіні ажалдан арашалап қала алмады. Жүк көлігіндегі 4 автомашина да жарамсыз болып қалды. Қазір оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында жүк көлігі мен пойыз соқтығысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171875/)