Алматы-Қорғас тасжолының бірнеше учаскесін су басуы мүмкін. Өйткені Алматы облысында күн күрт жылынып, еріген қар суы тасқын қаупін тудырып отыр. Күре жолдың әсіресе 139 және 142-ші шақырымында су шамадан тыс көп жиналған.
Қазавтожол қызметкерлері тасқынның алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Бір айта кетерлігі, әзірге көлік қозғалысына ешқандай шектеу қойылмаған.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы-Қорғас тасжолын су басу қаупі төніп тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171878/)