Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі әлі де бар. Алдағы бірнеше тәулікте аймақта күн райы 4 градусқа дейін жылынуы мүмкін. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Жалпы елімізде қар көшкіні түсетін 800-ден астам аумақ болса оның 500-ге жуығы осы облыста.
Қар көшкіні көп түсетін таулардың арасымен бірнеше автокөлік жолы да өтеді. Оған қоса 70-тен аса елдімекен бар. Биыл тау шатқалдарындағы қар қалыңдығы 2 метрге жеткен. Бүгінге дейін көшкін жүруі мүмкін 20 бағыт белгіленіп, ол аумақтарды мамандар бақылап отыр. Жолушыларға тау арасындағы жолмен жүргенде ерекше сақ болу қажеттігі ескертіліп жатыр.
Олжас Керейхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171943/)