Солтүстік Қазақстанда түні бойы жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласты.
Түнгі 00:00-де басталған жауын таңға дейін толастамады. Қозғалыс қиындағандықтан, Қоғамдық көліктер тоқтады. Такси шақыру да мүмкін емес. Оның үстіне ақысы бірден 3-4 есе өскен.
Қала мектептерінде сабақ онлайн форматқа ауыстырылды. Дегенмен облыстық, республикалық маңызы бар жолдар жабылған жоқ. Дәл қазір өңірде +2 градус жылы. Синоптиктердің мәліметінше, бүгін де қолайсыз ауа райы сақталады. Қарлы жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетеді. Кей жерлерде тұман болуы ықтимал. Дауылды ескерту жарияланды.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-да толассыз жаңбыр көктайғаққа ұласты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171957/)