Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 10 миллион теңгелік қымбат қару табылды. Ішкі істер министрлігінің жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады. Табылған заттардың ішінде қолға тие бермейтін қымбат металдан жасалған қару да бар. Тексеру барысында бұдан бөлек, 2 мылтық карабині, Макаров тапаншасының 10 оғы тәркіленген. Ол «Қорған» қару дүкеніне тиесілі болуы мүмкін.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 10 млн теңгелік қымбат қару табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171961/)