Жамбыл облысында қару-жарақ пен жарылғыш заттар табылды. Полиция қызметкерлері оны Көксу ауданы Тентек станциясында ешкім тұрмайтын ескі үйден тапқан. Онда әлдекімдер РГД-5 гранатасы мен 30 оқ-дәрі және газ тапаншасын жасырып қойған.
Болжам бойынша, қару жарақ Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорған қаласының Полиция департаментінен ұрланған болуы мүмкін. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында қару-жарақ пен жарылғыш заттар табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172019/)