Талдықорғанда жолаушыларға ашуланған жүргізуші сөгіс алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жолаушыларға ашуланған жүргізуші сөгіс алды

23.02.2023

Талдықорғанда ашуланған қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыларды автобус паркіне бір-ақ апарып тастады.

Автобусты аялдамада жарты сағат күткен жолаушылар жүргізушінің мазасын ала бастаған. Сөздің арты дауға ұласқан соң көлік жүргізушісі салондағы барлық жолаушыны наразылықтарыңызды автопарк басшысына жеткізіңіздер деп көлік тұрағына тура тартқан. Бұл әрекеті үшін №13 бағыттағы автобустың тізгіншісі қатаң сөгіс алды. Ал жолаушылардың шығыны өтелді.

Сондай-ақ парк әкімшілігі басқа да автобус жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қандай жағдай болмасын жолаушыларға дөрекілік көрсетіп, мінез танытуға болмайтындығы ескертілді.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу