АҚШ-тың батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында күн суытып, боран соғып, 50 миллиондай адамға сақ болу туралы ескерту жасалды. Сонымен қатар бүкіл елде 3500-дей әуе рейсі кейінге қалдырылды. Ал Миннеаполис пен көршілес Сент-Полда төтенше жағдай жарияланып, мектептер жабылып, мыңдаған бала қашықтан оқу режиміне көшірілді. Дакота, Колорадо, Вайоминг штаттарында да сабақ тоқтатылған. Дегенмен, зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та 50 миллион адамға боран қаупі ескертілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172035/)