Ақтөбе облысында бірнеше бағыттағы жол уақытша жабылды. Себебі ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боран соғып тұр. Салдарынан Маржанбұлақ ауылы маңындағы «Самара-Шымкент» трассасында бір мезгілде 11 көлік соқтығысты. Адамдар дін аман. Полиция мен Төтенше жағдайлар қызметі жол учаскілерін бақылауға алды.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында бірнеше бағыттағы жол уақытша жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172049/)