Павлодар облысында Президент тапсырмасына орай, алдағы 2 жылда 10 мектеп салынады. Бұл мақсатқа 35 млрд теңге қаржы бөлінбек. Қазір облыс орталығында 7 мың оқушыға орын тапшы. 8 мектепте оқушылар үш ауысыммен оқиды. Ал ауылдық жерлерде 3 мектеп апаттық жағдайда. Олардың құрылысы келесі жылы басталады. Қаладағы 1200 орындық төрт мектептің құрылысы келесі айда басталады.
Самал Айтқазина, облыстық Білім беру басқармасының басшысы:
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 мектеп салынады Павлодар қаласының орталығында. 2024 жылы үш мектеп, жалпы саны 7 мектептің құрылысы жоспарланды.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 4 мектеп салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172053/)