Мемлекет басшысы «Қазақтелекомның» басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады. Кездесу барысында былтырғы жылы қол жеткізген негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері мен жүзеге асыруға жоспарлаған перспективті жобалары туралы мәлімет берілді.
Қуанышбек Есекеев «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы:
Біз 5G желісін жедел енгізуді жұмысын бастадық. Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында осындай 486 станция пайдалануға беріледі. Алдағы 4 жыл аралығында жыл сайын мың жарым базалық станция салынады. «Әзербайжан – Қазақстан» бағыты бойынша Каспий теңізінің табаны арқылы тартылатын талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысына қатысты жұмыстар жайлы президентке баяндалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=5G желісін жедел енгізу жұмысы жүріп жатыр - Қазақтелеком&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172057/)