Түркияға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге барған қазақстандық құтқарушылардың бәрі елге оралды. Апат болған жерде жұмыс істеген мамандар бүгін Түркияда бастан өткергендерін баяндады.
Ибрагим Күлшімбаев, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:
Қазақстан құтқарушылары Түркиядан ең соңғы болып шықтық. Біздің алдымызда жетінші-сегізінші күндері басқа шет елдердің құтқарушылары кетіп жатты. Бірақ біз ең соңғы іздеу жұмыстарын аяқтап, содан кейін қайттық.
Брифинге келген Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарының қалай жүргізілігенін баяндап берді. Олар алғашқы күннен бастап тәулік бойы жұмыс істеген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Вице-министр: Түркиядан ең соңғы болып шықтық&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172074/)