Ақтөбе облысында кешелі бері ақ түтек боранның салдарынан жолда қалған үш жүзге жуық жолаушы құтқарылды. Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылы маңында төрт автобус тұрып қалған.
«Шымкент-Мәскеу» бағытымен жолға шыққан көліктерде қазақстандық жүргізушілерден бөлек Өзбекстан мен Тәжікстанның 220 азаматы болған. Олардың бәрі Қарабұтақ ауылындағы орта мектепке аман-есен жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ құтқарушылар Мұғалжар ауданының Жарық ауылынан жүкті әйелді аудандық ауруханаға жеткізді. Ал Алға ауданы аумағында Самара-Шымкент тас жолының бойында қалған 20 адам Маржанбұлақ ауылындағы кемпингке орналастырылды. Мәртөк, Хромтау аудандарында да ондаған адам құтқарылды.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында боранның салдарынан 300-ге жуық жолаушы құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172084/)