Енді мемқызметкерлерді жоғары оқу орындары Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп даярлайды. Академия ректоры түрлі бағыттар бойынша мамандарды әзірлейтін 30-дан астам университетпен ынтымақтастық Меморандумына қол қойды. Бұл студенттердің тағылымдамадан өтіп, жұмысқа орналасуына үлкен септігін тигізеді. Құжатқа қол қою рәсімінен соң тараптар Меморандум аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар бойынша дайындалған Жол картасын талқылады. Шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйытқы болған.
Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры:
Жақсы жақтарымызды, алған тәжірибемізді біріктіре отырып, мемлекеттік қызметке жаңа буынды келтіргіміз келіп отыр. +05:16 Жалпы, студенттерге тәжірибеден, тағылымдамадан және жалпы менторлық көмек көрсету ойымызда бар.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекеттік қызметкерлерді жоғары оқу орындары Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп даярлайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172122/)