Ағын суға қол жеткізе алмай, тарыққан қазығұртттық шаруаларға қолдау көрсетіледі. Түркістан облысына барған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бағбандардың қазіргі жағдайымен танысты. Сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады. Көпшілікті мазалаған коммуналдық тариф, салық мәселелері жүйелі түрде шешіледі, деді министр. «Ауылым - алтын бесігім» бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен спорт мектебін де көрді. Бұған дейін қараусыз қалған ғимаратты ауыл халқы асарлатып жөндеп алған болатын.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Мәдениет үйін салу, ауылішілік жолдарды бітіру «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша және бауға арналған, содан кейін ауыл шаруашылыққа арналған суды субсидиялау, тарифтерді төмендету. Бұл бүкіл мәселелерді біз жан жақтан осылай талқылайтын боламыз.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Суға қол жеткізе алмай отырған қазығұртттық шаруаларға қолдау көрсетіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172153/)