Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте ішкі нарық үшін тауарлық газ өндірісін ұлғайту жөніндегі жоспарлар қаралды. Нақтырақ, Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд метр куб болатын газ өңдеу зауытын салу мәселелерін талқылады. Қазіргі уақытта ол жерде құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Кәсіпорын 2025 жылы іске қосылады. Бұдан бөлек, қуаты 4 млрд метр куб болатын тағы бір ірі газ зауытының құрылысы пысықталады.
Азамат Бейбітұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкіметте жаңа газ өңдеу зауыттарын іске қосу мәселелері талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172178/)