Түркістан облысында заңсыз темекі тасымалдағандардың жолы кесілді. Өңірдегі Мемлекеттік кірістер мен Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің қызметкерлері Алматы - Самара тасжолында DAF маркалы автокөлігін тоқтатқан. Алматы - Мәскеу бағытында бара жатқан жүк көлігінен аса ірі көлемде акциздік маркасы жоқ немесе QR-кодсыз 176 мың 500 қорап темекі табылды. Қазіргі таңда заңсыз тауар тасымалдаушыларға қатысты Қылмыстық іс қозғау шаралары жүргізіліп жатыр.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында заңсыз тасымалданған темекі тәркіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172180/)