Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрді қабылдады. Әлихан Смайылов Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2023 жылға арналған республикалық бюджет жөнінде есеп берді. Айтуынша, биыл елдің ЖІӨ-нің өсімі 4 пайыз, ал мұнай бағасы барреліне 85 доллар болады деп болжанып отыр.
Бұдан бөлек, премьер шағын және моноқалаларды дамытып, «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға, елдімекендерді газбен, жылумен қамтуға сондай-ақ, армияны жаңғыртуға қосымша қаражат бөлу көзделіп отырғанын айтты. Ал Президент осы шаруалардың іске асуын және бюджеттің уақтылы игерілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әскерді жаңғыртуға қосымша қаржы бөлінбек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172212/)