Ертең Астанада АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкиннің қатысуымен Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді. С5+1 форматында өтетін жиында Орталық Азия елдерінің АҚШ-пен экономика, энергетика және қоршаған орта саласындағы ынтымағын одан әрі дамыту, сондай-ақ терроризммен күрес мәселелерін талқылау жоспарланған.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
АҚШ мемлекеттік хатшысы Э.Блинкиннің Қазақстанда алғашқы ресми сапары өтеді. Астанада болуы кезінде мемлекеттік хатшыны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеудердімен келіссөздер өткізеді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СІМ басшылары Астанада бас қосады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172226/)