Түркияда дүйсенбіде болған зілзаладан кейін 32 адам құтқарылған. Жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 110-ға жетті. 1 адам опат болған. Бұған дейін болған дүмпулер кезінде бүлінген 29 ғимарат осы жолы толықтай қирады. Еске салайын, қуаты 5,6 балдық зілзала кеше Малатья қаласында болды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтерге сай, ақпанның 6-да болған алапат зілзаладан кейін Түркияда 10 мың 200-ден аса шағын дүмпу қайталанған. Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркияда дүйсенбіде болған зілзаладан кейін 32 адам құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172248/)