АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келді. Бұл - Блинкеннің жоғары лауазымды қызметке тағайындалғалы біздің елге жасаған алғашқы ресми сапары. Мәртебелі мейманның ұшағы Астанаға түнде қонды. Бүгін таңертең Премьер-Министрдің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.
Қос тарап бүгін Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты нығайту бойынша келіссөздер жүргізеді. Сапар барысында Мемлекеттік хатшы «С5+1» форматындағы кездесуге де қатыстады. Сондай-ақ, оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Энтони Бликен бүгін қазақ музыкасына қызығушылығын білдіріп, Қазақ ұлттық өнер университетінде қонақ болды. Айта кетейік, мәртебелі мейман Астанадан кейін Ташкент қаласына, одан кейін Үндістанға жол тартады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172261/)