Грекияда «Ұн соғыс» карнавалы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда «Ұн соғыс» карнавалы өтті

28.02.2023


Грекияның Галаксиди қаласында «Ұн соғыс» карнавалы өтіп, оған жүздеген адам қатысты. Жылдағы дәстүр бойынша бұл жолы да тұрғындар ұнды бір-біріне тонналап шашқан.
Қатысушылардың көбі фестивалге өздерін қорғау арнайы көзілдірік тағып, сылақшының костюмін киіп барған.
Бұл ойынның тарихы 19-шы ғасырдан бастау алады. Сол кезде Осман империясы Грекияны басып алып, онда карнавал өткізуге тыйым салды. Бұл бұйрыққа бағынбаудың символы ретінде жергілікті халық беттеріне күл жағып, көшеге шығып би билеген екен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу