Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады. "Сапарыңыз стратегиялық ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан өте маңызды. Құрама Штаттар, аумақтық тұтастығымыз бен егемендігімізді тұрақты қолдап келе жатқаны үшін ризашылығымды білдіремін", – деді Президент. Өз кезегінде Энтони Блинкен қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, АҚШ Президентінің сәлемін жеткізді. Сонымен қатар Америка дипломаты Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістерге жоғары баға берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172288/)