![Елордада «Классикалық Грузия» атты Тбилиси мемлекеттік опера және балет театрының гала-концерті өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78109.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Онда театр ұжымының ең танымал солистері мен опера әншілері өнер көрсетті. Концерттік бағдарламаның бірінші бөлімінде дүниежүзілік классикалық шығармалардан үзінділер шырқалса, екінші бөлімде «Сагалобели» балетінің қойылымы қойылды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында грузиялық суретші Анна Калатозишвидлидің кішігірім көрмесі ұйымдастырылып, еңбектері астаналықтардың назарына ұсынылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Классикалық Грузия» атты Тбилиси мемлекеттік опера және балет театрының гала-концерті өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17229/)