Ақмола облысында мектеп және басқа да білім мекемелеріндегі күзетшілерге қойылатын талап өзгереді. Енді қызметкерді жұмысқа алу кезінде олардың жасы, физикалық дайындығы және төтенше жағдайда өзін-өзі ұстай білуі ескеріледі. Облыста 800-ден астам білім беру мекемесінің 25 пайызында ғана мамандандырылған күзет бар. Барлық мектепте бейнебақылау камералары орнатылған. Алайда, олардың тең жартысы полицияның жедел басқару орталығына қосылмаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында мектептегі күзетшілерге талап өзгереді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172317/)