Жетісу облысының Көксу ауданында әр сала қызметкерлеріне алғыс айтылды. Тұрғындар ең алдымен халықты электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған ұжымға жылы лебізін білдірді. Көксу электр желілері мекемесінде 100-ден аса адам еңбек етеді. Алғыс ауданның тәртіп сақшыларына да айтылды. Тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн қоғам тыныштығын күзетіп, қылмыспен күрескен әрбір полиция қызметкерінің еңбегін елеп, сый-құрмет көрсетті. Халықтың денсаулығына жауапты аурухана мен жедел жәрдем қызметкерлері де Алғыс айту күнінде назардан тыс қалған жоқ.
Әсия Молдасова, ауыл тұрғыны:
Фельдшерлерді, жедел жәрдемді шақыртсаң жылдам келеді. Қарайды. Қыздарға да рахмет. Дәрігерлерге де уақытысында келсең уақытысында қарайды. Алғысым шексіз!
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жетісу облысының тұрғындары әр сала қызметкерлеріне алғыс айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172326/)