АҚШ Мемлекеттік хатшысының Қазақстанға келуі қос мемлекет үшін де маңызды. Блинкен сапары аясында инвестиция, сауда-саттық, халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне басты назар аударылды. Осылай деген саясаттанушы Дәурен Әбен бұл сапардың нәтижелі бастамаларға, ынтымақтастықты нығайтуға сеп боларына сенімді.
Дәурен Әбен, ҚСЗИ халықаралық қауіпсіздік бөлімінің басшысы:
Қазақстан - Орта Азия өңірінің көшбасшы елдерінің бірі. Сондықтан АҚШ біздің елмен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі. Блинкеннің басты саласы - сыртқы саясат пен АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі. Қазақстанға келгенде, ең бастысы, сол мәселелерді, Қазақстан мен Орта Азиямен байланысты қалай дамыту керек, қандай перспективті салалар бар, соның бәрін талқыға салады деп ойлаймын.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сарапшы: Блинкен сапары қос ел үшін де маңызды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172331/)