Бүгін сағат 20:30-да Ұлттық арна эфирінде Мәжіліс сайлауына қатысатын партия өкілдері пікірсайысқа шығады. Оған «Amanat» партиясынан Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясынан Асхат Асылбеков, «Байтақ» жасылдар партиясынан Азаматхан Әміртаев, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Берік Дүйсембинов, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев қатысады. Дәл қазір пікірсайысқа соңғы әзірліктер пысықталып жатыр.
Жалпы, сөз жарысы 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде - кандидаттар әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша ұсыныстарын айтады. Берілетін уақыт - 2 минуттан. Екінші кезеңде - саяси ұйым өкілдері арасында дискуссия өтеді. 4 минутта үміткерлер бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді. Ал үшінші кезеңде 2 минут ішінде сайлауалды тұғырнамасының үш негізгі бағытына тоқталады. Соңғы кезеңде партия өкілдері сайлаушыларға үндеу жасайды. Ойын 1 минуттың ішіне сыйдыруы керек.
Еске салайын, пікірсайыс бүгін «Qazaqstan» Ұлттық арнасында кешкі жаңалықтардан кейін сағат 20:30-да тікелей эфирде өтеді.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Ұлттық арнада Мәжіліс сайлауына қатысатын партия өкілдері пікірсайысқа шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172335/)