Бүгін сондай-ақ, дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. Осыған орай, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті оқушылар үшін ауқымды көрме ұйымдастырды.
Шарада жастар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың апат аймағында қолданатын құрал-жабдықтарымен танысты. Сондай-ақ, осы жолы Түркиядағы зілзалада адамдарды құтқаруға атсалысқан Мирта есімді ит оқушылардың ерекше қызығушылығын туғызды.
Николай Попов, бірінші дәрежелі құтқарушы:
Түркиядағы құтқару операциясына қатыстық. Осы ит үйіндіге айналған үйлердің астынан тірі қалған бір адамды тауып, өмірін арашалауға септігін тигізді. Мирта неміс овчаркасы. Құтқарушылар қатарында жүргеніне 6 жылдан асты. Өте ақылды ит.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172343/)