Ұлттық арнаның эфирінен өткен пікірсайыста партия өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады.
Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялар арасындағы пікірсайысқа «Amanat» партиясынан Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясынан Асхат Асылбеков, «Байтақ» жасылдар партиясынан Азаматхан Әміртаев, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Берік Дүйсембинов, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев қатысты. Сөз жарысы 4 кезең бойынша өрбіді. Біріншіде - кандидаттар әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша ұсынысын айтты. Екінші кезеңде - саяси ұйым өкілдері арасында қызу дискуссия өтті. Ал, үшінші кезеңде 2 минут ішінде сайлауалды тұғырнамасының үш негізгі бағытына тоқталды. Соңғы кезеңде партия өкілдері сайлаушыларға үндеу жасады.
Азамат Бейбітұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сайлау-2023: Пікірсайыста партия өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172422/)