Бүгіннен бастап азаматтар өзін «банкрот» деп тануға өтінім бере алады. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заң күшіне енді. Қаржы министрлігі осындай хабарлама таратты. Статистика бойынша, елде 1 миллион 180 мың адамның берешегі бар. Қарыз сомасы: 1 триллион 100 миллиард теңге. Алайда барлығы бірдей банкроттыққа өтініш бермеуі мүмкін. Өйткені, «банкрот» деп танылған адам 5 жылға дейін несие ала алмайды. Оған қоса, 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп жариялай алмайды. Сонымен бірге, азаматтың банкроттықтан кейін үш жыл бойы қаржылық жағдайы тексеріліп отырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Банкроттыққа өтініш қабылдау басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172441/)