Үкіметте транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі шаралар қаралды. Мысалға, республика аумағы бойынша транзиттік жүктердің өту мерзімі 12 күннен 6 күнге дейін, яғни өткен жылмен салыстырғанда екі есеге қысқарғаны атап өтілді. Сонымен қатар 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 5 күнге дейін жеткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, Үкіметте Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Онда Қазақстандағы өнеркәсіп пен көлік саласын цифрлық трансформациялау мәселелеріне арналған 35-ші пленарлық отырысына дайындық барысы пысықталды. Сондай-ақ жұмыс топтарының есептері қаралды. 2022 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 18 пайызға өсіп, 22 млрд доллардан асты. Жалпы өткен жылы шетелдіктердің қатысумен 46 ірі инвестициялық жоба іске қосылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шетелдік инвестиция көлемі 18 пайызға өскен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172442/)