Ақтау қаласының әкіміне, сот шешімін орындамағаны үшін, айыппұл салынды. Лауазымды тұлғаның үстінен жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертпегені үшін кәсіпкерден шағым түскен. Сот шаһар басшысының шешімін заңсыз деп таныды. Сондай-ақ, оған 1 айда арызданушының пайдасына жаңа шешім шығаруды міндеттеген. Бірақ әкім құлақ аспапты. Сондықтан оған 172 мың 500 теңге айыппұл салынды. Ал кәсіпкердің арызына байланысты жаңа шешім шығаруға қосымша уақыт берілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтау қаласының әкіміне айыппұл салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172466/)