Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен тағы бір азамат ұсталды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қазір ол сот санкциясымен қамауда отыр. Күдікті Аркадий Клебанов - Қазақстан азаматы. Құзырлылардың мәліметінше, ол қылмысын мойындаған. Шабуылды өз бетінше ұйымдастырғанын және өзінің жеке себептері болғанын айтқан.
Альбина Махамбетова, ҚР ІІМ Имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің басшысы:
Клебанов-Маневич хакерлер мен әрекеттерді орындаушылар тобын жалдады. Ол арандатушылықтың мақсаттары мен нұсқаларын өзі таңдады. Ол криптовалютамен операциялардан түскен пайдадан орындаушыларға қаламақы төледі.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Журналистерге шабуыл ұйымдастырған күдікті ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172513/)