Ақтөбе облысында алдағы саяси науқанда 525 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олардың дайындығын Орталық сайлау комиссиясының өкілдері тексерді. Сондай-ақ, көшпелі семинар-кеңесте саяси науқанға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Басты мақсат – заңдағы өзгерістерді түсіндіру және аймақтағы сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктілігін арттыру. Кездесуге саяси партиялар, қоғамдық штабтар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де қатысты.
Әйгерім Тәжиева, ОСК Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі:
Біздің семинарымыз 2 бөлімнен тұрады. 1-бөлімі ол сайлауға байланысты барлық ұйымдастырушылақ сұрақтар қарастырылады. Ал екінші бөлімде біз тренинг өткіземіз. Ол тренингке тек сайлау комиссиясының мүшелері қатысады.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сайлау-2023: Ақтөбе облысында 525 сайлау учаскесі жұмыс істейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172514/)