Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты. «Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды», – деп жазылған жеделхатта. Сондай-ақ, бүгін жер сілкінісінен кейін Түркия мен Сирияға гуманитарлық жүктерді тасымалдаған ұландық ұшқыштар марапатталды. Президенттің Жарлығымен ұландық ұшқыштар жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Ұшқыштар Сирияға 4 рейс, Түркияға 2 рейс жасаған. 3656 әскери бөлімінің литерлік авиациялық жасағының кеме командирлері - Берікболсын Хабиболла «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, Құрманғали Топанов ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұландық ұшқыштар марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172580/)