Ал Ақтөбеде күн күрт жылынып, көше еріген қар суына толды. Қазір қала бойынша 89 су сорғыш көлік жұмыс істеп жатыр.
Көліктің де, жаяу жүргіншілердің де жүріп-тұруы қиындады. Оның үстіне бүгін аймақта қар аралас жаңбыр жауып тұр. Қаладағы коммуналдық мекеме және Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері күшейтілген режимді жұмыс істеп жатыр.
Гүлжахан Медетова, қала тұрғыны:
Түнімен жаңбыр жауды. Суды аяғымызбен кешіп келе жатырмыз, шыны керек. Тартылмайды, қараймыз ғой, былай қараймыз, алып жатыр ма екен деп. Алып жатқан жоқ, жауын жауып жатыр.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде көше еріген қар суына толды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172625/)