Индонезияда лай көшкінінен 15 адам қаза тапты. Тағы 42 тұрғын жоғалып кеткен. Оларды табу үшін іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Мұнда бір апта бойы толассыз нөсер жауын жауып тұр. Соның салдарынан лай көшіп, Серасан аралындағы бір ауылдың үйлері жермен-жексен болған. Апатты аймақ халқына көмектесуге әскерилер де жұмылдырылмақ.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Индонезияда лай көшкінінен 15 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/172654/)